Риддер қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты басталады

Риддер қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты басталады

 

Риддер қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты өтеді. Жарысқа 10 команда құрамында 173 спортшы қатысады. Чемпионат U23, юниорлар мен юниор қыздар жас санаттарындағы еліміздің ең мықты шаңғышыларын жинайды.

Жарыс бағдарламасына жеке спринт, масс-старт, жеке жарыс, аралас эстафета және командалық спринт кіреді. Сайыстар еркін және классикалық стильдерде өткізіледі.

Чемпионат аясында 32 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Жарыстың салтанатты ашылуы 9 ақпан күні сағат 10:00-де Лесное ауылы, КММ «Риддер қаласының ОСШИКОР» шаңғы базасында өтеді.

Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты спортшыларды дайындаудың маңызды кезеңі болып, ұлттық құрамаға іріктелетін болашағы зор шаңғышыларды анықтауға мүмкіндік береді.