ШҚО биатлоншылары Қазақстанның жастар чемпионатында сәтті өнер көрсетті

ШҚО биатлоншылары Қазақстанның жастар чемпионатында сәтті өнер көрсетті

2026 жылғы 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында Алматы облысының Талғар қаласында биатлоннан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты өтті. Жарысқа елдің 9 өңірінен 106 спортшы қатысты.

Сайыс келесі дисциплиналар бойынша ұйымдастырылды: спринт, жеке жарыс, масс-старт және эстафеталар.

Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының нәтижелері

31 қаңтар — спринт:

🥇 1 орын — Редькин Антон, Машковская Милена, Мусохранова Екатерина
🥈 2 орын — Дудченко Никита

1 ақпан — жеке жарыс:

🥇 1 орын — Машковская Милена, Мусохранова Екатерина
🥈 2 орын — Небогатова Варвара
🥉 3 орын — Полторанин Евгений

2 ақпан — аралас эстафета:

🥇 1 орын — ШҚО құрамасы (Унжакова С., Мусохранова Е., Фёдоров К., Редькин А.)

3 ақпан — эстафета:

🥈 2 орын — ШҚО-1 (Дудченко Н., Медов А., Немцев Е.)
🥉 3 орын — ШҚО-2 (Жулин Л., Коломин Т., Полторанин Е.)

3 ақпан — жеке аралас эстафета:

🥉 3 орын — ШҚО командасы (Афанасьева А., Сарсембаев Р.)

4 ақпан — масс-старт:

🥇 1 орын — Дудченко Никита, Машковская Милена, Мусохранова Екатерина
🥈 2 орын — Небогатова Варвара, Редькин Антон
🥉 3 орын — Фёдоров Кирилл, Коломин Трофим

Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылғы 28 ақпан мен 8 наурыз аралығында Германияның Арбер қаласында өтетін жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталды.

Ұлттық құрама құрамына енген спортшылар:

Юниорлар: Редькин Антон
Юниор қыздар: Мусохранова Екатерина
Жасөспірімдер: Дудченко Никита, Полторанин Евгений
Қыздар: Машковская Милена, Небогатова Варвара