
2026 жылғы 26-30 қаңтар аралығында Алтай қаласында (Қытай Халық Республикасы) ҚХР провинцияларынан, Ресей Федерациясы, Моңғолия субъектілерінен, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары командаларынан спортшыларды біріктірген Алтай таулары-2026 III қысқы ойындары өтті.
Жарыс бағдарламасына конькимен жүгіру, шаңғы жарысы және шаңғы альпинизмі кірді. Шығыс Қазақстан облысының атынан спорттың екі түрінен — конькимен жүгіру және шаңғы жарыстарынан өнер көрсеткен 15 спортшы қатысты.
Конькимен жүгіру спортында 500 және 1000 метр қашықтықта қола жүлделерді Фаизова Ясмина жеңіп алды. 1000 метр қашықтықта тағы бір қола медальді командаға Әбихан Абылай алып келді. Эстафетада 2000 метр қашықтықта Фаизова Ясмина мен Әбихан Абылай да 3 орын алды.
ШҚО спортшыларының шаңғы жарыстарында өнер көрсетуі ерекше сәтті болды.
Жарыста 2007-2008 ж. т. жасөспірімдер арасында жалпы старттан 10 км қашықтықта бүкіл құрмет тұғырын Шығыс Қазақстан облысының өкілдері иеленді:
1 орын-Кәрібаев Тимур, 2 орын - Оразов Тимур, 3 орын-Әлібек Азамат.
2009-2011 ж. т. жасөспірімдер арасындағы осындай жарыста ШҚО спортшылары да жеңімпаз атанды:
1 орын-Сакович Денис, 2 орын-Гринвальд Арсений, 3 орын — Кокорин Максим.
2009-2011 ж. т. қыздар арасында қола медальді Майкенова Камила жеңіп алды.
Спринт жарыстарында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары дайындықтың жоғары деңгейін тағы да растады:
1 орынды Тимур Кәрібаев, Денис Сакович және Камила Майкенова өздерінің жас санаттарында иеленді.
Жарыстың соңғы күні ШҚО командалары эстафеталарда келесі нәтижелерді көрсетті:
1 орын-Ұлдар 2007-2008 ж. т.;
1 орын-Ұлдар 2009-2011 ж. т.;
2 орын-қыздар 2009-2011 ж. т.
Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамасы 3-ші жалпы командалық орынға ие болып, халықаралық аренада жоғары дайындық пен бәсекеге қабілеттілік деңгейін көрсетті.