
Стамбул қаласында Қазақстан, Латвия, Түркия, Жаңа Зеландия, Нидерланды және Оңтүстік Корея құрама командалары қатысуымен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды (екінші дивизион, А тобы).
Біздің қыздар Жаңа Зеландия (13:2), Латвия (9:1), Түркия (5:1) және Нидерланды (7:0) құрама командаларынан басым болды. Алтын жүлде үшін шешуші ойында қыздарымыз Оңтүстік Корея құрама командасына жол берді – 1:5. Нәтижесінде Қазақстан құрама командасы күміс жүлдегер атанды!
Әлем чемпионатында «Торпедо» хоккей клубының өкілдері бас бапкер Мария Михайловна Федоренко, қақпашылар жаттықтырушысы Дарья Ивановна Дмитриева
қақпашы Мария Яковлева, қорғаушылар Ульяна Куклина, Ева Иншакова, шабуылшылар София Зубкова, Томирис Саяхаткызы, Злата Попова, Айдана Рахаткызы еліміздің намысын қорғап, күміс жүлдеге ие болды! Мақтан тұтамыз!