
2025 жылғы 27 қараша 2 желтоқсан аралығында Санкт-Петербург қаласында үстел теннисінен Н.Г. Никитинді еске алуға арналған XXV Халықаралық жасөспірімдер турнирі өтті.
ТМД елдердің ең мықты ойыншылары қатысқан бұл турнирде, Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ спортшысы Азаматұлы Нұрдәулет U-14 жас санатында қола жүлдеге ие болды.
Құттықтаймыз!