Фаина Мейрманова — XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының Чемпионы!

Фаина Мейрманова — XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының Чемпионы!

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" КММ 2 курс студенті, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы" КММ спортшысы Фаина Мейрманова Токиода (Жапония) өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында жарқын жеңіске қол жеткізді.

Фаина жоғарғы нәтижеге қол жеткізіп, биіктікке секіру сайысында 1,79 метр көрсеткішпен алтын медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже спортшы үшін де, бүкіл Қазақстан Республикасы үшін де маңызды жетістік болып табылады.

Бұл жетістік – спортшының талмас еңбегі мен табандылығының нәтижесі.

Фаина Мейрманованың жеңісі – еліміздің, әсіресе Шығыс Қазақстан облысының сурдспорт саласындағы дамуының айқын дәлелі. Оның табысы жас спортшыларға шабыт беріп, халықаралық ареналарда биік белестерді бағындыруға ынталандырады.

Фаина Мейрманованы және жаттықтырушылар штабын тамаша нәтижемен құттықтаймыз! Әлемдік аренада жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!