Шығыс Қазақстан облысының өкілдері дәстүрлі садақ атудан Әлем Кубогында жоғары нәтиже көрсетті

Шығыс Қазақстан облысының өкілдері дәстүрлі садақ атудан Әлем Кубогында жоғары нәтиже көрсетті

2025 жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогы өтті. Бұл жарысқа әлемнің әртүрлі елдерінен 537 спортшы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

Қабдоллаева Аяш — жеке есепте (жамбы нысанасы) Әлем кубогының жеңімпазы;

Төлеуқанова Ажар — командалық есепте (пута нысанасы) қола жүлдегері.

Тұғырға барар жолда Қабдоллаева Аяш жарыстың барлық кезеңдерінде жоғары шеберлік пен дәлдікті көрсетті:

іріктеу кезеңінде — 9 ұпай жинап, 1-орынға ие болды;

1/8 финалда — 3 ұпай жинап, 3-орын алды;

1/4 финалда — 2 ұпай жинап, 5-орынға орналасты;

жартылай финалда — 6 ұпай жинап, финалға жолдама алды.

финалдық кездесуде Қабдоллаева Аяш Қазақстанның тағы бір өкілі Фариза Сабыржанмен кездесті.

Тартысты өткен финалда 5:4 есебімен жеңіске жетіп, жеке есепте (жамбы нысанасы) 2025 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Тамаша нәтижемен құттықтаймыз!