
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Байжігітұлы Можанов 2025 жылғы III жазғы Жасөспірімдер Азия ойындарының қатысушылары-Жұмабекова Амина Нұрболқызы және Кенжебаева Адель Дастановнамен кездесті.
Кездесу барысында басшы жас спортшыларды халықаралық аренада лайықты өнер көрсетуімен құттықтап, жаңа жеңістер мен спортта жетістіктер тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, III жазғы Жасөспірімдер Азия ойындары 2025 жылғы 22-31 қазан аралығында Манама қаласында (Бахрейн) өтті. Жарысқа 45 елден 4000-нан астам спортшы қатысты. Медальдар жаңа дисциплиналарды (джиу-джитсу және тб.) қосқанда спорттың 25 түрінен ойналды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары-Жұмабекова Амина Нұрболқызы және Кенжебаева Адель Дастанқызы өнер көрсетті.
Жұмабекова Амина шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, күміс медаль жеңіп алып, өз санатындағы үздіктердің біріне айналды. Оның жетістігі тәлімгер — жаттықтырушы Ахметов Солтанның табанды жаттығулары мен қолдауының нәтижесі болды.