2025 жылғы 04 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы спорт күніне орай халықаралық жарыстардың жүлдегерлерін марапаттады

2025 жылғы 04 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы спорт күніне орай халықаралық жарыстардың жүлдегерлерін марапаттады

2025 жылғы 04 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы спорт күніне орай халықаралық жарыстардың жүлдегерлерін марапаттады

Спорт күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсеткен облысымыздың спортшыларын салтанатты түрде марапаттады.

Іс-шара барысында ел намысын абыроймен қорғап, беделді халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс білдіріліп, құрмет көрсетілді. Облыс әкімі олардың адал еңбегі мен кәсіби шеберлігіне, сондай-ақ өңір спортының дамуына қосқан үлесіне алғысын білдірді.

– Шығыс Қазақстан облысы өз чемпиондарымен мақтана алады. Сіздер – жастарымызға үлгісіздер. Сіздердің жеңістеріңіз – спорттың дамуына үлкен серпін беретін шабыт көзі, – деді облыс әкімі.

Марапаттау рәсімі спортшылардың еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен дене шынықтыру және спорт саласын қолдаудың маңыздылығын айшықтады. Шара соңында спортшыларға, жаттықтырушыларға және спорт ардагерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Айта кетерлік, семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өткен дүниежүзілік жарыста Қазақстан ерлер құрамасы тарихи жеңіске жетті. Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Кирилл Проходов қолаға қол жеткізді.

Біздің спортшылар әлем чемпионатындағы жеңісті ойынын Ресей, Қытай және Италиядан келген спортшылар командасын жеңуден бастады. Жартылай финалда ең титулды қарсыластарының бірі Жапония құрамасынан жеңіліп қалды.

Нәтижесінде олимпиаданың 9 дүркін чемпионы француздарды жеңіп командалық сында жерлестеріміз тұңғыш рет әлемнің үшінші командасы атанып отыр.

Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтті, онда гимнастшылар топтық жаттығуларда өнер көрсетіп, 5 шеңбермен және 10 сойыл финалда 2 алтын, сондай-ақ көпсайыс пен командалық жарыста 2 күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасын біздің спорьтшылар - Евгения Вендиревская, Бақытқызы Әлия, Ксения Шимолина, Тамирис Вахлова, Елизавета Егорова, Анастасия Чащина намысын қорғады.

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды.