Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы хабарлама

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы хабарлама

«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 44-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Семей қаласында 500 көрерменге арналған мінбелерді қоса мұз модулін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының (бұдан әрі – Жоба)  әлеуетті жекеше әріптесінің бастамашылық жасау туралы хабарлайды.

Кәсіпкерлік субъектілерін, қаржылық және өзге де ұйымдарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлауға тартудың, жоспарлаудың ашықтығын арттыру мақсатында, Жобаны іске асыру бойынша тікелей келіссөздерге сұрау салу түскені туралы хабардар етеді.

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері:

Спорттың қысқы олимпиада түрлерін дамыту, республикалық және халықаралық спорт аренасында облыс спортшылардың бәсекеге жарамдылығын арттыру, спорт түрлері бойынша спортшыларды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына дайындау, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру -сауықтыру жұмыстарын жүргізу, халықты   жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға тару мақсатында Семей қаласында 500 көрерменге арналған мінбелерді қоса мұз модулін салу және пайдалану бойынша жоба жоспарланып отыр.

МЖӘ нысаны-  500 көрерменге арналған мінбелерді қоса мұз модулі.

Орындалу орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, Семей қ.

Мемлекеттік қолдау шаралары-инвестициялық, операциялық шығындардың өтемақысын, қызметті тұтыну кепілдігі және МЖӘ жобасын басқарғаны үшін сыйақы төлеу.

Жобаны іске асыру мерзімі және кезеңі- 12 жыл: 2 жыл салады, 10 жыл пайдаланады.

Жоба техникалық күрделі нысандардар санатына жатады.

Жоспарланған жоба туралы толық ақпаратты «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ алуға болады.

Әлеуетті жекеше әріптестердің ұсыныстар мен құжаттарды ұсыну мекен-жайы мен уақыты:

Уақыты: Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестер 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы бұйрығының 1 Қосымшасына сәйкес әзірленген баламалы ұсынысты, сондай-ақ Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ереженің 3 қосымшасына сәйкес  ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкес расталған құжаттарды 2020 жылғы «18» қазан мерзіміне дейін ұсыну қажет.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, 413 кабинет.

Телефон: 8 (7232) 70-22-83, 70-22-75.

E-Mail: sport@akimvko.gov.kz