Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы пресс-релизі

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы  пресс-релизі

2025 жылдың 21 мамыры мен 3 маусымы аралығында 400 АЕК (1 572 800 теңге) көлеміндегі мемлекеттік грантқа 1-ші лекке өтініштер қабылдау басталады.

Гранттар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған, қайтарымсыз негізде беріледі.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін қажет:

- Business.enbek.kz порталында тіркелу;

- грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;

- өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Өтініш беру мерзімі аяқталғаннан кейін өтініш берушілер business.enbek.kz порталындағы Жеке кабинетіне бизнес жобаларын қорғау бойынша комиссияның күні, уақыты және орны туралы хабарлама алады.

Сұрақтар мен гранттарды алу шарттары бойынша тұрғылықты мекен жайы бойынша Мансап орталықтарына жүгіну қажет.