2025 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралы

2025 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралы

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2025 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру тәртібі туралы хабарлайды.

Талаптар:

1) өтінім, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;

2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;

3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;

4) өтінімде 5 таңбалы коды бар экономикалық қызмет түрін міндетті түрде көрсету қажет (мысалы: мыс кенін өндіру және байыту – 07292);

5) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;

Өтінімді қайда беру керек:

– қағаз түрінде ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй, 301 кабинет);

– электрондық нұсқасын r.taymuldina@akimvko.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 301 кабинетіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй).

Байланыс деректері: 8 (7232) 56-98-43, 87777280466, r.taymuldina@akimvko.gov.kz.