Көпбалалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері.

Көпбалалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері.

Талап болса кез-келген іс алға басады. Көпбалалы ана Арна Кеңесбекқызы ағымдағы жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында оқуын аяқтап, «Айзере» тігін шеберханасын ашты. Өзі сынды көпбалалы аналарды жұмыспен қамтып отырған кәсіп иесі мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр.
«Қашықтықтан жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Үйлеріне алып кетіп, дайын өнім жасап әкеледі. Еңбекақыларын алады», -дейді.
Осы орайда, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарда арнайы комиссиялардың құрылғандығы туралы атап өтті. Мұндағы негізгі мақсат – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың сұрақтарын көтеру, мәселелерінің шешілуіне ықпал ету болып табылады.
Комиссияның 80 пайызы қоғам қайраткерлері, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері және БАҚ өкілдері болса, қалған 20 пайызы жергілікті жердегі мемлекеттік органдардың өкілдері.
Айта кетсек, мемлекет аналарға тек әлеуметтік жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың білім алуларына, алған білімдерін еңбекпен ұштастыруға жағдай жасап отыр. 2 жылдың ішінде облыста 949 отбасы 495 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант иегері атанып, жеке кәсіптерін ашқан.