Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың жоғалған құжаттарын қалпына келтіру Алгоритмі

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың жоғалған құжаттарын  қалпына келтіру Алгоритмі

ШҚО қалалары мен аудандарының әкімдіг

 

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың жоғалған құжаттарын 

қалпына келтіру Алгоритмі

 

  1. Жеке куәлік жоғалғанда қалпына келтіру

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлікті жоғалтқан кезде қалпына келтіруге арналған құжаттар пакеті:

  1. Жеке куәлікті  жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, оны қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш.
  2. Мемлекеттік баж төленгені туралы құжат   (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады).
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса).

Жеке куәлікті беру 15 жұмыс күн алады, бірақ азаматтың қалауы бойынша қызмет жедел көрсетілуі мүмкін: Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 1 және 3 жұмыс күн, облыс орталықтарында 3 және 5 жұмыс күн, облыстардың аудандары мен қалалары үшін 7 жұмыс күн мерзімінде.

  1. Жылжымайтын мүлік құжаттың телнұсқасын беру

Қызметті онлайн алу жолы

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. «Электронды үкімет» веб-порталында өтініш толтыру.
  3. Жалпы үлестік және жалпы біріккен меншік кезінде 3 күнтізбелік күн ішінде басқа иелердің, жарының электронды келісімін алу.
  4. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
  • Төлем тәсілін таңдау (кез келген банктің төлем карталары немесе "Сбербанк" АҚ ЕБ дербес шоты арқылы).
  • Төлем картасының/дербес шоттың барлық мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).
  • Төлемнің аяқталуы бойынша төлем туралы чек қалыптасады. Барлық чектер жеке кабинетте «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында сақталады.
  • Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды.
  1. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  2. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан қағазды алу.

Жылжымайтын мүлікке құқық нотариат куәландырған мәміле, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде тіркелген жағдайларда құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын қалпына келтіру мынадай тәртіппен жүргізіледі: құжаттың телнұсқасын алу үшін оны куәландырған нотариусқа жүгіну қажет.

  1. Материалдық көмекке өтініш беру

Азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне табиғи зілзала салдарынан залал келтірілген кезде әлеуметтік көмек алу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді:

1)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) табиғи зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Жекелеген санаттарға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.