Мусинова А.А. және басқарма бөлімдерінің басшылары дөңгелек үстел отырысына қатысты

Мусинова А.А. және басқарма бөлімдерінің басшылары дөңгелек үстел отырысына қатысты

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде басқарма басшысы А. А. Мусинова және басқарма бөлімдерінің басшылары мүгедектігі бар адамдар мәселесі бойынша облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі кеңесшісі О. Г. Кузовлеваның төрағалығымен инклюзивті саланы дамытудың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысына қатысты. Сондай-ақ, облыс бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл, қоғамдық бірлестіктер, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ қала қонақтары Астана қаласының "Бақытты шаңырақ" қоғамдық қорының төрағасы Б.С. Сұлтанова және Г. Ж. Бектұрғанова қатысты. Дөңгелек үстел аясында мүгедектігі бар, аутизм спектрі бұзылған және ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған инклюзивті білім беру, денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды.