На должность руководителя управления координации занятости и социальных программ ВКО назначена Альмира Мусинова

На должность руководителя управления координации занятости и социальных программ ВКО назначена Альмира Мусинова

ШҚО жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламаларды  үйлестіру басқармасының басшысы лауазымына Альмира Мусинова тағайындалды.

Альмира Аскерхановна 1976 жылы 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Медведка ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Жезқазған қаласының ІІБ жеке күзет батальонының сержанты лауазымынан бастады.

13.11.2009 жылдан 01.05.2010 жылға дейін «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысының бас маманы.

05.01.2010-19.08.2010 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімінің бас маманы.

19.08.2010 жылдан 05.01.2011 жылға дейін – «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік-саяси жағдайды талдау бөлімінің меңгерушісі.

05.01.2011 жылдан 02.06.2013 жылға дейін – «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік блок бойынша Өскемен қаласы әкімінің бас инспекторы.

03.06.2013-02.02.2014 жылдары Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі – «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі.

02.02.2014 жылдан 06.10.2014 жылға дейін «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  –  ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы.

07.10.2014 жылдан 13.01.2020 жылға дейін – «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы.

14.01.2020 жылдан 22.11.2021 жылға дейін – «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.