Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету,..

Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету,..

Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын облыстың қалалар/аудандар мәслихат-тарында  қабылданған.

АИТВ туындаған ауруы бар 18 жасқа дейінгі балаларға отбасының табысын есепке алмағанда, ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселік шамасы (68604 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Әлеуметтік көмекті алу үшін АИТВ-дан туындаған ауруы бар 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына немесе қамқоршыларына тұрғылықты жері бойынша қалалардың/аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет.