Елдегі алғашқы әмбебап мемлекеттік агент және әлеуметтік қызметтер Шығыс Қазақстан облысында іске қосылды

Елдегі алғашқы әмбебап мемлекеттік агент және әлеуметтік қызметтер Шығыс Қазақстан облысында іске қосылды

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазпошта» АҚ аймақтық филиалы мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша «Қазпошта» кеңселері базасында әмбебап өзіне-өзі қызмет ету аймақтарын құру жобасын жүзеге асыру бойынша Жол картасына қол қойылды.

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап жоба Шығыс Қазақстан облысының                     167 автоматтандырылған пошта бөлімшелерінде іске қосылды. Енді облыстың барлық ауылдарының тұрғындары уақыт пен ақшаны үнемдей отырып, аудан орталықтарынан немесе қаладан шықпай-ақ пошта бөлімшелерінде қызмет алу мүмкіндігіне ие болды. Олардың арасында egov.kz  порталындағы мемлекеттік онлайн-қызметтер, сондай-ақ ЭЦҚ алу бар. АӘК алушылары aleumet.egov.kz  әлеуметтік қызметтер порталына алуға өтініш бере алады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар aleumet.egov.kz  порталында сауықтырудың техникалық құралдарына, сондай-ақ санаторлық-курорттық емделуге жолдамаларға өтініш бере алады.

Сәуір айында 15 күн ішінде облыстың пошта бөлімшелерінде 746 мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер көрсетілді.