8 наурызға төлемдер

8 наурызға төлемдер

Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын 8 наурыз күніне орай облыстық бюджет қаражатынан келесі санаттарға 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем жүргізіледі:

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға (13058 аналарға);

- бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы аналарға, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (14707 аналарға).

2021 жылы аталған төлемдерге 27 765 көпбалалы аналар үшін 404 955 мың теңге қарастырылған.