«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша облыста жұмыстар жүргізілуде, Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша Жол картасы әзірленіп, іске асырылуда.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 12 ақпанға дейінгі кезеңде тіркелген бос жұмыс орындарының саны 6 844 құрайды, оның ішінде электрондық еңбек биржасында орналастырылған бос жұмыс орындарының саны 5 142 немесе 75%.
Жалақысы 100 мың теңгеден жоғары бос жұмыс орындарының саны тіркелген бос орындардың жалпы санынан 2 604 (38%) құрайды.
2021 жылғы 1 қаңтар мен 2021 жылғы 12 ақпанға аралығындағы кезеңде электрондық еңбек биржасында «еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» (немесе «электрондық HR») пилоттық жобасы шеңберінде 3 095 кәсіпорынмен
24 108 еңбек шарттарды тіркелді, оның ішінде 968 кәсіпорын алғаш рет тіркелген.
Анықтама: ақпарат күн сайын жаңартылады.