2020 жылғы 21 желтоқсанда Өскемен қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің штаттан тыс кеңесшісі

2020 жылғы 21 желтоқсанда Өскемен қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің штаттан тыс кеңесшісі

2020 жылғы 21 желтоқсанда Өскемен қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік Кодексін әзірлеу жөніндегі топтың аға сарапшысы Ж.К. Жүкенов қатысуымен өңірлік семинар өтті. Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің тұжырымдамасын талқылау және ұсыныстар жинау мақсатында. Семинар барысында сарапшы жаңа Кодекс әлеуметтік қорғауға қатысты заңнаманың барлық нормаларын біріктіріп, ретке келтіруі тиіс екенін айтты. «Қазіргі уақытта қазақстандықтарға 17 заңмен және 100-ден астам заңға тәуелді актілермен реттелетін әлеуметтік қамсыздандыру шараларының кең спектрі ұсынылады. Бұл азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын оңай бағдарлауға мүмкіндік бермейді, халықтың әлеуметтік заңнаманы түсінуінде қиындықтар туғызады», – деп атап өтті Ж.К. Жүкенов. Оның айтуынша, Кодексті әзірлеу аясында әлеуметтік қолдау шаралары осы көмек көрсетілетін жағдайларға байланысты жүйелендірілетін болады.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты қызметкерлері, жұмыс және сараптама тобының мүшелері, облыс әкімдігінің, «Nur Otan» партиясының өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, облыс және аудандар әкімдерінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшілері, жұртшылық және үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері және басқалар қатысты.

Семинар барысында Кодекс бойынша белсенді талқылау және пікір алмасу өтті, сондай-ақ ұсыныстар айтылды және енгізілді.

Сондай-ақ, Ж.К. Жүкенов Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің, Өскемен қалалық ШҚО атқару комитетінің арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының және «Үміт» балалар үйінің ұжымымен санитарлық нормаларды сақтай отырып кездесті.

Қазіргі уақытта ҚР ЕХӘҚМ қазақстандықтардан Қазақстан Республикасын әлеуметтік қамсыздандыру туралы кодекстің тұжырымдамасына ұсыныстар жинауға кірісті.

     Сондай-ақ, ел азаматтары өз ұсыныстарын келесі адрестерге жолдай алады:

- группу в Facebook:  https://www.facebook.com/groups/expert2020 

-WhatsApp: +7 708 180 35 38 https://wa.me/message/RIAPN2DTW25UP1  

- Telegram-канал: https://t.me/expertsocial

- на электронную почту: expert2020@mail.kz