
2026 жылғы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында облыс әкімінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Төлегенұлы Бақтиярдың қатысуымен «Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға басқарманың мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ еңбек мобильділігі орталығының, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының, мансап орталықтардың, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мамандары қатысты. Қатысушылардың бір бөлігі іс-шараға Zoom платформасы арқылы қосылды.
Семинар барысында азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру, жауаптардың уақтылы және сапалы берілуін қамтамасыз ету, өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау, сондай-ақ халықпен кері байланысты күшейту мәселелері қаралды.
Барлық келіп түскен сұрақтар бойынша қатысушыларға тиісті түсініктемелер мен практикалық ұсынымдар берілді.