Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша ақпарат

Шетелдік жұмыс күшін  тарту бойынша ақпарат

2020 жылға Шығыс Қазақстан облысы үшін 2 189 бірлік көлемінде шетелдік жұмыс күшін  тартуға квота бекітілді, оның ішінде:

        - 1 санат бойынша - 28 (басшылар мен олардың орынбасарлары)),

        - 2 санат бойынша - 189 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары,

        - 3 санат бойынша - 480 (мамандар),

        - 4 санат бойынша - 692 (білікті жұмысшылар),

        - 5 санат бойынша - 800 (маусымдық шетелдік қызметкерлер).

        2020 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша 64 жұмыс берушілерде 1043 шетелдік жұмыс күшін  тартуға рұқсат бар, оның ішінде: 1 санат бойынша – 7, 2 санат бойынша – 74, 3 санат бойынша – 158, 4 санат бойынша – 26, 5 санат бойынша – 628, ішкі корпоративтік ауыстыру шеңберінде берілген – 150 рұқсат.

        Оның ішінде 628 рұқсат ТМД азаматтарына, 416 - ТМД елдерінен тыс азаматтарға берілді