
2026 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Облыс ішінде қаладан ауылдық елді мекендерге ерікті түрде қоныс аударуды қолдаудың өңірлік жоспары іске асырылады. Жоспардың мақсаты – ішкі көші-қонды ынталандыру, ауылдық аумақтарды дамыту және оларды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.
Өңірлік жоспардың негізгі бағыттары:
Жоспар аясында қоныс аударушыларға тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік қолдау көрсетіледі:
-ауылдық жерде тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық ұтқырлық сертификатын беру (жергілікті бюджет есебінен 1625 АЕК-ке дейін);
-көшуге байланысты біржолғы материалдық көмек төлеу (отбасы басшысына 70 АЕК).
-Қатысушылар 5 жыл мерзімге әлеуметтік келісімшарт жасасады.
Қоныс аударушыларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында:
-субсидияланатын жұмыс орындарына (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы және т.б.) орналастыру;
-кейіннен тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
-бос жұмыс орындары аудан мен ауылдардың нақты қажеттілігіне сәйкес ұсынылады.
Ауылдық жерлерде экономикалық белсенділікті арттыру үшін:
-бизнес-идеяларды іске асыруға өңірлік гранттар беру (400 АЕК-ке дейін);
- агроөнеркәсіптік кешен мен қызмет көрсету саласына беріледі;
-міндетті талаптар: жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификаттың болуы, бизнес-жоспар әзірлеу.
Грант алушылар:
-3 ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растауға;
-36 ай бойы есептілік тапсыруға міндетті.
Жоспар аясында:
-дәрігерлер, мұғалімдер, аграрлық сала және ТКШ мамандарын басым тәртіппен жұмысқа орналастыру;
-әр аудан бойынша кадр қажеттілігін талдау;
-мамандарды бекіту үшін жағдай жасау (тұрғын үй, тұрақты жұмыс, әлеуметтік кепілдіктер) көзделген.
Қатысу шарттары:
-қаладан ауылдық елді мекендеріне қоныс аудару;
-5 жыл мерзімге әлеуметтік келісімшарт жасау;
-жұмыспен қамту немесе кәсіпкерлік талаптарына сәйкес келу.