Жұмысшы мамандықтардың үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті

Жұмысшы мамандықтардың үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті

24 желтоқсан 2025 жылғы Астана қаласында Конгресс холлда жұмысшы мамандықтар Жылының жабылуына арналған іс-шара аясында еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздары, жұмысшы мамандықтардың үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында Шығыс Қазақстан облысының Деминдер әулеті («Казцинк» ЖШС Риддер тау-кен металлургия кешені) жеңіске жетті. 2 орынды Қарағанды облысының Волокитиндер әулеті («Qarmet» АҚ), 3 орынды Түркістан облысының Дербисовтар әулеті («Қазақстан темір жолы» АҚ) алды.

Іс-шараға ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, еңбек ардагерлері мен байқау жеңімпаздары қатысты.