«Наурыз жұмыскер»

«Наурыз жұмыскер»

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.А. Бектеновтың тапсырмасы бойынша «Отбасы банк» АҚ жұмысшы мамандарының тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Наурыз жұмыскер» жаңа жеңілдікті ипотекалық бағдарламасын іске қосу жарияланды.
Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және құрылыс салаларының қызметкерлерін қамтиды.
Өтінімдерді қабылдауды бастау 2025 жылғы 17 наурызға жоспарланған.
Жақын арада Отбасы банк экономикалық қызмет түрлерінің (салалардың) тізбесін және «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы шеңберінде несиелендіруге жіберілетін жұмысшы мамандықтарының тізімін hcsbk.kz Банктің ресми сайтына орналастырады.
Бағдарламаның шарттары бойынша қарыз азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (СЖТМ 7,1%-дан 9,6% - ға дейін) және қалған барлық басқа санаттар үшін 9% (СЖТМ 9,4% - дан 13% - ға дейін) мөлшерлеме бойынша беріледі. Бастапқы жарна - таза әрлеуде бастапқы тұрғын үй сатып алу кезінде 10% - дан бастап, бірінші әрлеуде бастапқы тұрғын үйді және қайталама тұрғын үйді сатып алу кезінде 20% - дан бастап. Қарыздың ең көп сомасы - өңірлер үшін 30 млн.теңге және Астана мен Алматы үшін 36 млн. теңге.