Ашық терезе балаға қауіп төндіреді

Ашық терезе балаға қауіп төндіреді

Оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында Шемонаиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерден төмендегідей қауіпсіздік шараларын
сақтауларыңызды сұрайды:

1) Егер үйде кішкентай балаларыңыз болса ешқашан терезені ашық күйде
қалдырмаңыз; өйткені сіз баланың жанындамын деп ойлайсыз бірақ, бір
шаруамен айналысып жатқанда, балаңыз бірнеше секундтарда оқыс оқиғаға тап болуы мүмкін;

2) Балаларыңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;

3) терезелерде антимоскиттік торлар орнатылған болса, балалар ашық тұрған
терезенің торына сүйеніп, тормен бірге сыртқа құлауы мүмкін;

4) Терезелерге балалар өздері аша алмайтындай бөгеулер (блокиратор)
орнатыңыздар.
Балаларымыздың өмірі, тағдыры өз қолымызда болғандықтан қауіпсіздікке
аса мән берейік! 

Шемонаиха ауданының ТЖБ