2024 жылғы 24 сәуірде Шемонаиха аудандық әкімдігінің кезекті отырысы өтті

2024 жылғы 24 сәуірде Шемонаиха аудандық әкімдігінің кезекті отырысы өтті

2024 жылғы 24 сәуірде Шемонаиха аудандық әкімдігінің кезекті отырысы өтті, оған әкімдік мүшелері, дербес бөлімдердің басшылары және әкімшілік аумақтық бірліктер әкімдері қатысты. Отырыс барысында 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мәдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру туралы мәселе қаралды, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Қ.Ожекенова баяндама жасады, тиісті қаулы қабылданды.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.О.Шекеева ақпарат берді, ауданда дене шынықтыру және спортты дамыту барысы туралы  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Р.Ф.Ахметов  ақпарат берді.

Әкімдік отырысының қорытындысы бойынша бөлім басшыларына және әкімшілік аумақтық бірлік әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.

 

https://www.instagram.com/reel/C6IhT82otEa/?igsh=YW1vM3k2Njg4amw5

https://youtube.com/@user-rl6jr2yj1j?si=1r1apcnIAoguRycg