Ағымдағы жылғы 07 маусымда «Жергілікті атқарушы органдарында және ведомствоға бағынышты ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық қауіптеріне жүргізілген талдау нәтижелерін түсіндіру» аясында дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылғы 07 маусымда «Жергілікті атқарушы органдарында және ведомствоға бағынышты ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық қауіптеріне жүргізілген талдау нәтижелерін түсіндіру» аясында дөңгелек үстел өткізілді

07 маусымда «Жергілікті атқарушы органдарында және ведомствоға бағынышты ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық қауіптеріне жүргізілген талдау нәтижелерін түсіндіру» аясында дөңгелек үстел өткізілді. Оған «Ардагерлер ұйымы» ӨҚҰ аудандық филиалының төрайымы С.И.Лычагина, ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Н.Аяганова, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.И.Шабанова және аудан тұрғындары қатысты.

 

Іс-шараға қатысушылар «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-құқықтық жұмыс, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А.М.Мустафиновтың баяндамасын тыңдады, баяндамада сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетуге әкелетіндігі, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтіндігі түсіндіріледі.

 

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге міндетті екендігі айтылды.

 Жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдары айтылды. Дөңгелек үстел нәтижесінде туындаған барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді. Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты.