Көміртегі тотығы: алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету

Көміртегі тотығы: алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету

Жылыту кезеңінде тек өрт саны ғана емес, сонымен қатар көміртегі тотығынан улану саны да артады, бұл көбінесе адамдардың өліміне әкеледі. Шемонаиха ауданының ТЖБ қауіп қатердің алдын алуы және біреу жарақат алған жағдайда не істеу керектігі турылы хабарлайды.

Көміртегі тотығын жиі «үнсіз өлтіруші» деп атайды – оның түсі жоқ, иісі жоқ, мүлдем  сезілмейді, жәбірленуші үшін оның қатысуы байқалмайды. Сонымен бірге газ улы қасиеттерін жоғалтпай ауамен тез араласады.

Көміртек тотығымен улануды қалай алдын алуға болады

– Тет дұрыс жабдықты пайдаланыңыз. 

– Жақсы желдетуді қадағалаңыз.

– Ғаражда автомобиль қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс цстеу ұсынылмайды.

             Көміртегі тотығымен улану белгілері

Улану белгілері зақымдану дәрежесіне, жалпы денсаулыққа, бар ауруларға және басқа да жағдайларға байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бас айналу, бас ауруы, жүрек айну, кұсу, құлақта шуылдау, ентігу, жөтелу және басқа белгілер пайда болады.

            Жәбірленушінің жағдайы қозғалады, бірақ бірнеше жағдайларда керісінше летаргия және ұйқышылдық байқалады. Вестибулярлық аппараттың бұзылуы, есту және көру қабілетініңбұзылуы болуы мүмкін. Бұл белгілер сананың жоғалуының алдында болуы мүмкін.

            Орташа және ауыр улану кезінде жүрек-тамыр жүйесінің жұмысындағы мәселелер өте ықтимал. Аретмия пайда болып, қан қысымы  және дене температурасы төмендейді. Бұндай жағдайда дер кезде медициналық көмек корсктпесе жәбірленушінің жүрегі тоқтап қалуы немесе миакард инфпрктісінен өлуі мүмкін.

            Көміртегі тотығымен уланған кездегі көмек.

            Жеңіл улану кезінде (егер жағдай бас айналу мен жүрек айнуымен шектелсе), әдетте адамды таза ауаға шығару жеткілікті. Бірақ оның жағдайы толығымен қалпына келгенше, қажет болған жағдайдап дер кезінде көмекке келі үшін кез келген өзгерістерді қадағалаңыз, түзетіңіз. Ауыр улану және орташа ауырлықтағы зақымданулар жағдайында шұгыл госпитализация қажет.

 

Шемонаиха ауданының ТЖБ