«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сот қызметіне қол жеткізу механизімін оңтайландыруды және жеделдетуді, азаматтардың электрондық сот өндірісіне қашықтықтан қатысуын қамтамасыз ететін, сот органдарының қызметіне және онлайн сервистеріне қол жеткізетін жалғыз терезе екенін айта келіп, бұл сервис бүгінгі күнде халық пен сот органдарының өзара қызметтестігінде оң жетістіктерге жеткізілді.
Ақпараттық жүйені одан әрі жетілдіру мақсатында 2017 жылдан бастап сот органдарымен «Мобильді сот кабинеті» сервисі іске қосылды. Бұл сервистің көмегімен сотқа қатысушы тараптар сотқа келместен интернет желісіне қосылған мобильді құрылғы арқылы сот мәжілісіне қатыса алады.
Аталған сервиске тіркелу үшін алдын ала сот кабинетін қолдану туралы келісіміне қол қойылады. Сонымен қатар, қолданушының ЖТН және мобильді телефонның номері қажет. Қолданушының көрсетілген телефон номеріне хабарлама арқылы құпия сөз келеді.
Аталған сервис арқылы сот жүйесіндегі жаңалықтармен танысу, онлайн түрінде тағайындалған сот отырысы туралы ақпараттар алу және «Сот кабинеті» веб-сервисі арқылы сот органына жолданған барлық құжаттарды телефон құрылғысына жүктеу, сот органына жолдаған сот құжаттарының мән-жайын бақылау, хабарлама алмасу мүмкіншіліктері бар.
Шемонаиха аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі Г.Т.Отешова