«Таланттар және табынушылар» музыкалық кеші

«Таланттар және табынушылар» музыкалық кеші

11 қарашада Шемонаиха қаласының өнер мектебі жанды музыканы сүйіп тыңдаушылардың барлығына өзінің есігін айқара ашты. Бұл кеште мектеп залында дәстүрлі аудандық музыкалық кеш өткізілді. Жылда бұл іс шара біздің аудан тұрғындарының арасынан музыкалық өнерді бағалаушыларды қызықтырады және тұрақты табынушылары да бар. «Таланттар және табынушылар» атты кештің тақырыбы да осыған орай таңдалды.

Сценари й авторлары және жүргізушілер Екатерина Гиль мен Екатерина Иванова талантты болып туып, өздерінің талантын дамытып, күшейткен музыканттар жайлы көрермендерге әңгімелеп берді, және таланттарымен миллиондаған адамдарды шабыттандырды. Әрине, көңіл бөлу орталығы осы тарихи тұлғалардың музыкасын біздің үздік әртістерімен орындау болды.

Концерт бағдарламасын 12 музыкалық нөмір құрады. Сахнада классикалық және қазіргі композиторлардың музыкасы орындалды: И.С. Бах, Н. Паганини, Ф. Лист, Э. Григ, Н. Тлендиев, А. Хачатурян, М. Джексон, «The Beatles» тобының, М.Магомаев және МакSим әндері репертуарынан, сонымен қатар, халық музыкасының шығармалары.

Өнер мектебінің шығармашылық ұжымымен дайындалған музыкалық кеш бірде-бір көрерменді әсерсіз қалдырмады. Іс-шараның Видео нұсқасын Shkola_garmonia арнасында YouTube көруге болады. Біздің қалада осындай іс-шаралардың көбірек болуын, әртістерге шабыт, көрермендерге эстетикалық ләззат тілейміз.

 

 

Гиль Е.С.