Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы

Қазіргі дамыған қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жиі кездеседі. Көбінесе бұл туралы ашық айту әдетке жатпайтыны- бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы, әркімнің өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар екендігі реттеледі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін,ал егер олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің: 109 (ұрып-соғу), 110 (азаптау), 131  (қорлау)  баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Егер сіз отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, немесе куәгер болсаңыз және психологиялық немесе заңгерлік кеңес қажет болса, Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің  кезекші бөліміне немесе 3-10-21 телефонына және 102 арнасына хабарласыңыз.

https://www.instagram.com/p/CliNT-9ocUt/?igshid=YmMyMTA2M2Y=