Назар аударыңыз аукцион

Назар аударыңыз аукцион

Шемонаиха ауданының әкімдігі 2022 жылғы 26 қазанда сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі-Тізілімнің веб-порталы) жер учаскелердің жалдау құқығын сату жөніндегі электрондық аукцион өткізетіндігін хабарлайды.

Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), паспорттық деректер;

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері (жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, банк атауы, бенефициар коды);

4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).

Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қояды.

Сауда-саттыққа қатысушыларының өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут ішінде аяқталады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын түспеуі тізілімнің веб-порталымен өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Аукцион Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі мен жұма аралығында аукцион залында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.

 Аукционға қатысуға рұқсат етілген қатысушыға аукцион залына веб-портал берген аукцион нөмірі бойынша кіруге рұқсат етіледі.

Бағаны көтеру аукционына қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.

Бағаның өзгеру қадамы былай белгіленеді: сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 20000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде-10% мөлшерінде.

Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.

 

 

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) %-ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;

      2) қалған сома жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) %-ын құрайды, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) кем болмайды және 30 (отыз) мың АЕК-ден аспайды.

       Кепілдік жарнаны ұйымдастырушы қабылдайды және сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген деректемелеріне енгізіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сатуға қатысуға мәлімделген шарттарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартылған жағдайда, енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайды, қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар төленетін аванстық төлем шотына аударылады.

Аукционға келесі сату объектілері шығарылады:

1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстаы мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Дальний көшесі, 26/4 жер учаскесі мекенжайында орналасқан ауданы 0,2000 га жер учаскесі, 5 жыл мерзімге уақытша жер пайдалану (жалға алу) құқығы, жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құны 2925000 тг, жалдау ақысы 22588 тг/ж, кепілдік жарна сомасы 153150 тг.

2) такси тұрағын орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, 3-ықшам ауданы, 1/3 жер учаскесі мекенжайында орналасқан ауданы 0,0100 га жер учаскесі, 5 жыл мерзімге уақытша жер пайдалану (жалға алу) құқығы, жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құны 157500 тг, жалдау ақысы 1216 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.

3) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Вокзальный көшесі, 236/1 жер учаскесі мекенжайында орналасқан ауданы 0,4800 га жер учаскесі, 5 жыл мерзімге уақытша жер пайдалану (жалға алу) құқығы, жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құны 7020000 тг, жалдау ақысы 54213 тг/ж,  кепілдік жарна сомасы 153150 тг.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Первомайский кенті, Жамбыл көшесі, 14/1 жер учаскесі мекенжайында орналасқан ауданы 0,0066 га жер учаскесі, 5 жыл мерзімге уақытша жер пайдалану (жалға алу) құқығы, жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құны 27720 тг, жалдау ақысы 114 тг/ж,  кепілдік жарна сомасы 153150 тг.