2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді

 

Қазақстан Республикасы Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау

 

 

Президенттікке кандидатты қолдау үшін:

Сайлаушылардың кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.

Президенттiкке кандидатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi қолдауы тиiс.

Қол жинауды сенiм бiлдiрiлген өкілдер ұйымдастырады және қол қою парақтарымен ресімдейді.

Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы екі күннен кешіктірмей қол қою парағының үлгісін бекітеді.

Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуы тиiс. Сондай-ақ параққа кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оған сенiм бiлдiрген адамының қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол жинаған елдi мекеннiң атауы және

қол қойған адамдар туралы мәлiметтер енгiзiлуі тиiс

Қол жинаушы адам жұмыс барысында кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.

Толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады.

Аумақтық сайлау комиссиясы қойылған қолдардың растығын 5 күн ішінде анықтайды, тиісті хаттаманы рәсімдейді және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.

Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру Президенттікке кандидатқа қажеттi нақты қойылған қолдар саны анықталғанға дейiн жүргізiледi.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы