Ең көркем, терең «Уба» өзені!

Ең көркем, терең «Уба» өзені!

Шемонаиха ауданы аумағынан көптеген ұсақ шағын өзендер, бұлақтар ағып өтеді, бірақ ең көркем, тереңі «Уба» өзені, ол үлкен қауіп төңдіреді. Шомылу маусымы басталғалы бері суға батқан адамдардың саны өседі. Жаз айларында аудан тұрғындары өзен бойына шомылуға, демалуға келеді, тіпті біреулері көпірден суға секіреді. Айта кететін, жағдай осы көпірден күнделікті автокөліктер өтеді. Су айдындардағы апаттар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау нәтіжесіде пайда болады. Осымен қоса, жыл сайынғы себептер өзгеріссіз қалады: қауіпті және жабдықталмаған жерлерде, құтқару құралдарынсыз, мас күйінде шомылу және демалу; ата-аналардың су айдындары маңында балаларын қараусыз қалдыруы; су айдындарында болған кезде міндетті ережелерді орындамау.

Шомылу маусымы басталды, сондықтан демалушы азаматтарға берілетін кейбір ұсынымдар кедергі жасамайды.

Ең алдымен рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар. Шомылу үшін өзендердегі су бетіндегі температура жылы сияқты көрінгенімен судың төменгі қабатындағы температура төмен болуы мүмкін, осы жағдайда суға түссеңіз сіңірдің тартылуы, адам денесіндегі маңызды бұлшық еттердің істемей қалу қауіпі бар. Ықтимал келесі факторларды да естен шығармаңыздар: температураның күрт салқындауынан қан тамырларының қысқаруы адамның есін жоғалтуға алып келеді. Ауа райының бірден өзгеруі, суықтың ыстыққа өтуі су айдынында адамдардың өліміне алып келетін ТЖ саны артады. Жеке қауіпсіздіңізді қамтамасыз ету мақсатында, қолыңызда қарапайым құтқару құралдары болуы керек (қалқымалық қасиеті бар пенопласт немесе осыған ұқсас басқа да заттар). Жалғыз шомылмаңыз – апаттық жағдайда сізге көмекке ешкім келе алмайды.

Төтенше оқиға тудыратын тағы бір мәселе бар. Ол суға шомылу кезінде спирттік ішімдік ішу. Спирттік ішімдікті пайдаланудың бірден бір батып кетудің себебі болатынын барлығы біледі және түсінеді. Су айдынындағы қауіпсіздік мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналды. Жоғарыда келтірілген деректер және ұсынымдар ескеріледі және адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз.

  

 

Шемонаиха ауданының ТЖБ