СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН АЗАМАТТАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН АЗАМАТТАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ

2020 жылдан бастап елімізде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа сараланған жүйесі енгізілді.

Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК-тен  аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сыйақы сомасы қылмыс санатына байланысты 30-дан 100 АЕК-ке дейін  құрайды. Егер пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК-тен асса, онда сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10 пайызын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен аспайды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат бергені немесе өзге де түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.

Атап өтетін болсақ, азаматтарды көтермелеу, егер хабарлаған адамның ұсынған ақпараты шындыққа сай болса, немесе құзыретті органдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде көмектескен жағдайда, жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады, сонымен қатар, бұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен көтермеленіп қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Бұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.

Барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлық көріністеріне "нөлдік" төзімділікке шақырамыз. Ал ондай жағдай болғанда, бұл туралы ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 8 (7232) 29-88-88 нөміріне немесе 1424 Call-орталығына хабарлау қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру - әрбір азаматтың парызы!