Фестиваль современной музыки 2022

Фестиваль современной музыки 2022

30 сәуірде алғаш рет Шемонаиха қаласының өнер мектебінде теориялық бөлімнің оқытушыларымен ұйымдастырылған заманауи музыка фестивалі өткізілді. Шығармашылық үрдіске шому Фейс-арт бойынша шығармашылық алаңнан басталды – барлық қатысушылардың сол жақ бетіне Қазақстандағы балалар жылының белгісі салынды, ол барлығына бір команда болуды сезінуге мүмкіндік берді. Өзінің кәсібилігін және толқуды меңгеру ептілігін көрсете отыра, осы іс-шараның әртістері оқушылар ғана емес, музыка бөлімінің оқытушылары да болды. Бағдарлама 17 нөмірден тұрды, және шабытпен аяқталды. Фестивальдың сәні фортепианода «Хорват рапсодиясын» орындаған   «Браво» ансамблі және «Қазақтың ұлдары» әнімен «Децима» ансамблі болды.

Әрбір жұма сайын шығатын мектеп жаңалықтары үшін қатысушылардан интервью алдық. Олар қандай өнер олар үшін заманауи және қандай бағыттарда дами алатын өздерінің ойларымен бөлісті. Және де ата-аналар «экранның басқа жағынан емес», тікелей іс-шараның қонақтары болды, сахнадағы жас таланттарға қолдау көрсетті. Фестивальдың соңында барлық қатысушыларға осы толқытқан оқиға жайлы естелікке дипломдар берілді.

Журавлева И.Б.