Назар аударыңыз аукцион

Назар аударыңыз аукцион

Шемонаиха ауданының әкімдігі 2022 жылғы 17 мамырда сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz (бұдан әрі-Тізілімнің веб-порталы) жер учаскелерін және жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша ағылшын әдісімен электрондық аукцион өткізетіндігін хабарлайды.

Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), паспорттық деректер;

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері (жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, банк атауы, бенефициар коды);

4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).

Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қояды.

Сауда-саттыққа қатысушыларының өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут ішінде аяқталады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын түспеуі тізілімнің веб-порталымен өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Аукцион Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі мен жұма аралығында аукцион залында өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.

 Аукционға қатысуға рұқсат етілген қатысушыға аукцион залына веб-портал берген аукцион нөмірі бойынша кіруге рұқсат етіледі.

Бағаны көтеру аукционына қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.

Бағаның өзгеру қадамы былай белгіленеді: сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 20000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде-10% мөлшерінде.

Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.

 

 

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) %-ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;

      2) қалған сома жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) %-ын құрайды, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) кем болмайды және 30 (отыз) мың АЕК-ден аспайды.

       Кепілдік жарнаны ұйымдастырушы қабылдайды және сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген деректемелеріне енгізіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сатуға қатысуға мәлімделген шарттарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартылған жағдайда, енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайды, қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар төленетін аванстық төлем шотына аударылады.

Сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып, аукционға келесі сату объектілері шығарылады:

1) гараж орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Жуков гараж массиві, жер учаскесі 18 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0200 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, бастапқы бағасы 315000 тг, жер салығы 2027 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.

2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, А.Капорин көшесі, жер учаскесі  44/9 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0250 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, бастапқы бағасы 421875 тг, жер салығы 2715 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.

3) гараж орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Наурыз көшесі, жер учаскесі 2/2 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0082 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, бастапқы бағасы 129150 тг, жер салығы 831 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Чкалов көшесі, жер учаскесі  144/1 мекенжайында орналасқан ауданы 0,1023 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, бастапқы бағасы 1611225 тг, жер салығы 10369 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 241684 тг.

5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Вокзальная көшесі, жер учаскесі  216/1 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0568 га жер учаскесі, жеке меншік құқығы, бастапқы бағасы 894600 тг, жер салығы 5757 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 153150 тг.

«Шемонаиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі - анықтама телефоны 8(72332) 3-19-57