Назар аударыныз өрт қаупі кезеңі!

Назар аударыныз өрт қаупі кезеңі!

Көктем басталысымен құрғақ өсімдіктерді жағу мәселесі қайта басталады. Жыл сайын барлық елді мекендерде құрғақ шөптің жану салдарынан өрт шығады. 2022 жылғы сәуір айынан бастап құрғақ шөп және тұрмыстық қоқыстың жанулары тіркелген. Өртердің себебі отқа салғырт қарау, құрғақ өсімдіктердің тұтануын болдырмау бойынша  алдын-алу шараларының қолданылмауы, ал кейде азаматтардың саналы түрде қоқысты және шөпті әдейі жағатын әрекеттері де болады.

Өкінішке орай, өсімдіктерді жағу қоршаған ортаға зиян тигізетінін, жануарлар әлемінің қоректік ортасын жоютынын, бюджет қаржысына айтарлықтай шығын келтіретінін адамдардың бәрі ойлай бермейді. Шемонаиха ауданының ТЖ бөлімі елді мекендердің тұрғындарына, көктемгі-жазғы өрт қауіптілігі жоғары кезеңде ерекше сергек болу керектігін, отқа сақтықпен қарау қажеттігін еске салады.

Құрғақ шөпке кездейсоқ лақтырылған шала сөнік сіріңке талы немесе темекі тұқылы үлкен апатқа айналуы мүмкін. өртке қарсы қашықтықты жобалау нормаларында бекітілген шекте  ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден алыс болмайтын жерде алау жағуға, шөптер мен қолдықтарды өртуге рұқсат етілмейді. Қалдықтар  мен шөптерді өртеу осы мақсатқа арнайы белгіленген жерлерде жүзеге асырылады және бақылауда болып, бастапқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш,су, кұм және т.б.) болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны кінәлі адамдар тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Шемонаиха ауданының ТЖБ