М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына үміткерлерді қабылдау жарияланады

М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына үміткерлерді қабылдау жарияланады

Академияға күндізгі оқу түріне 25 жастан аспаған, оқу жылы басталғанда 16 жасқа толған, жалпы орта, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби), орта кәсіби (орта білімнен кейін) білімі бар, әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, қабылдау емтихандарын сәтті тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Академияға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленген ұлттық бірыңғай тестілеу (әрі қарай –ҰБТ) немесе абитуриенттің кешенді тестілеу (әрі қарай – АКТ) нәтижелері бойынша сертификат балдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақ тілі немесе орыс тілі, физика, математика, Қазақстан тарихы, бейін пән-математика. Математика пәнінен 7 баллдан жоғары болу керек.
Физикалық дайындықтан жеке экзамен тапсырылады.
Күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылданған тұлғалар әскери есептен шығарылып, өртке қарсы қызмет органдарының арнайы есебіне қойылады.
Академияның бірінші және екінші, үшінші курс курсанттарын мемлекет толығымен қамтамасыз етіледі және казармалық жағдайда болады, оларға Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында басшы және қатардағы қызметтен өту ережелері, оқу орнының ішкі тәртібі және жалпы әскери жарлығы қолданылады. Үшінші және төртінші курс курсанттарына еркін өмір сүру мүмкіндігі беріледі.
ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы күндізгі факультетінің толық курсын бітірген тұлғалар үшін, атап айтқанда – 4 жыл оқу мерзімі мерзімді әскери қызметке теңеледі.
Ауданымыздың мектеп бітіруші түлектері Сіздерді академияға түсудің шарттары және оқуға түсу үшін қажетті құжаттардың тізімі туралы толық мәліметтер алу үшін Шемонаиха қ., Горького көшесі 97 немесе Горького көшесі 101 мекен-жайыларында орналасқан «Өрт сөндіру бөлімдері» және Шемонаиха ауданының ТЖ бөліміне шақырамыз, біздің байланыс телефондарымыз: 3-04-04, 3-01-69.

Шемонаиха ауданының ТЖБ