Улы газдың қауіпі

Улы газдың қауіпі

Суық түскен кезде жеке тұрғын үйлердегі өрттер саны ғана емес, адамдардың өліміне әкелетін улы газбен улану саны да артады. Улы газдың туындау себептері - жылыту пешінің нашар тартылуы, пеш құрылымындағы жарықтар, түтін жолының бітелуі. Улы газды жиі «үнсіз өлтіруші» деп те атайды – ол түссіз және иіссіз, ешбір сездіруді білдірмейді, жәбірленушіге оның бар-жоғы білінбейді. Газ өзінің улағыш қасиетін жоғалтпастан ауамен араласып тез тарайды.
Шемонаиха ауданының Төтенше жағдайдайлар бойынша бөлімі ескертеді:
Жылу беру маусымының алдында пештер мен түтін мұржаларын мұқият тексеріңіздер, ыстан тазалаңыз және жөндеу жүргізіңіз. Пештің қақпағының алдындағы жанғыш еденге 50х70 см көлемді, отын және жанғыш материалдардан бос металл табақты орнатып қорғаңыз. Пештің қасына жақын жиһаз, кілемді орналастырмаңыз – олар жану мүмкін. Пешті жағуға оңай жанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз.
Өртке қарсы қызметті шақырту телефондары - 101,112.

Шемонаиха ауданының ТЖБ