Бүгін Қазақстанда ревакцинация үшін квинге қарсы вакциналардың қандай түрлері қолжетімді екенін...

Бүгін Қазақстанда ревакцинация үшін квинге қарсы вакциналардың қандай түрлері қолжетімді екенін...

https://www.ktk.kz/ru/newsfeed/article/2022/01/18/200903/

Бүгін Қазақстанда ревакцинация үшін квинге қарсы вакциналардың қандай түрлері қолжетімді екенін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният Үкімет отырысында айтып берді.

"Бірінші жартыжылдықта шамамен 8 млн адам ревакцинацияға жатады. Қазіргі уақытта халықтың барлық топтарын ревакцинациялау Sinopharm және QazVac вакциналарымен жүргізіледі, 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлері үшін "Комирнати" Pfizer вакцинасы пайдаланылады", – деп хабарлады Ажар Гиният.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Министрлік ревакцинация үшін QazVac, Sinopharm және "Комирнати" Pfizer қосымша сатып алуды жоспарлап отыр, сондай-ақ қаңтар айының соңына дейін "Спутник Лайтының"150 мың дозасы жеткізілетін болады.