«Prima Nota Fest» Республикалық конкурсындағы Шемонаиханың вокалистері

«Prima Nota Fest» Республикалық конкурсындағы  Шемонаиханың вокалистері

Талантты және еңбекқор балаларға өзін көрсетуге әрқашан көп мүмкіндік бар. Оны тағы да Шемонаиха өнер мектебінің оқушылары дәлелдеді.        

Зарина Алтынбаеваның  екінші «Prima Nota Fest» Республикалық конкурс-фестивалінің дипломанттары вокал бөлімінің оқушылары Медина Рамазан және Роксолана Нуркина болды. Олардың жетекшісі Ольга Михайловна Ультаракова және концертмейстер Юлия Борисовна Добжанская академиялық вокал номинациясында жақсы бағдарламаны әзірледі. Осы конкурстың екінші деңгейі Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында өткізілді.

Біздің мектеп алғашқы рет осы конкурсқа қатысты. Қазылар алқасының төрайымы - Зарина Алтынбаева, опера әншісі 2019 жылы осы жобаны ұйымдастырды, ол Қазақстанның мәдени өмірінде маңызды оқиға болды және оң пікірлерге ие болды. Конкурс классикалық орындау өнерін дамытуға арналған.

Барлық қатысушылар өздерімен бірге ұмытылмас әсер алып келді және қазылар алқасының мүшелерінен өздерінің шеберлігін бұдан әрі жетілдіру үшін бағалы кеңестер алды. Ал жас конкурсанттардың шеберлігін  бағалағандар: Мария Джулия Граццини (Италия), Денис Шаповалов (Ресей), Талгат Мусабаев (Қазақстан), Гульнара Курамбаева (Қазақстан), Еркебулан Сапарбаев (Қазақстан) және Зарина Алтынбаева (Қазақстан, қазылар алқасының төрайымы).

Журавлева И.Б.