Ashyq жобасына қатысушы кәсіпкерлердің жауапкершілігі

Ashyq жобасына қатысушы кәсіпкерлердің жауапкершілігі

Бас санитарлық дәрігердің 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес, Ashyq" жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектісі келушілердің мәртебесін QR - код немесе ЖСН арқылы тексереді. Ashyq жобасына қатысушылар шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілерін анықтаған жағдайда, іс-шараларды мониторингтік топтар жүзеге асырады.

Мониторингтік топтың нәтижелері бойынша қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы жобаға 2 аптадан ерте орала алмайды. Мониторингтік топтың нәтижелері бойынша жұмыс алгоритмін қайталап бұзған қатысушы жобаға 2 айдан ерте орала алмайды.