Құрметті Первомайский сайлау округінің сайлаушылары!

Құрметті Первомайский сайлау округінің сайлаушылары!

Сіздерді 2021 жылғы 28 қарашада жексенбі күні сағат 7.00 – ден 20.00-ге дейін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, төрт сайлау учаскесінде өтетін, Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша Первомайский кентінің әкімін сайлау бойынша дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз.

Естеріңізге сала кетейік, Сізде жеке куәлік болуы керек.

Қосымша хабарлайтынымыз, сайлау төрт сайлау учаскесі бойынша өтеді. Ново-Ильинка және Барашки ауылдарында орналасқан бір-бір сайлау учаскесі бойынша ауыл мектептерінің ғимараттарында. Первомайский кентінде дауыс беру 2 сайлау учаскесінде өтеді, екеуі де «Д.М.Карбышев атындағы Первомайский» жалпы білім беретін орта мектеп–балабақша» кешені»   КММ ғимаратында орналасқан, әр түрлі жеке кіру есіктері болады, олар сайлаушылар мен сайлау процесіне қатысушылар үшін ашық және тақтайшалармен, жазулармен қамтамасыз етіледі.