Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары!

Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары!

Жылу беру маусымы басталғанда ақаулы жылыту пештерін пайдаланудан шыққан өрттердің туындау қатері өседі. Ондай өрттердің себептері жылыту жүйесі мен қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу болуы мүмкін, атап айтқанда түтін шығатын жолдар жарықтармен жиі пайдаланылады, қабырғалар мен қалқандардың жанғыш құрылымына дейін бөлінбеген, сонымен қатар пештің алдындағы металл беттердің болмауы. Кептіру үшін қалдырылған заттар мен басқа да жанғыш материалдар өрт шығуына себепші болады.  

Қыс кезінде өрттердің туындауын болдырмау мақсатында келесі өрт қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтау қажет:

Пештер мен басқа жағу аспаптары өртке қарсы нормаларымен орнатылған жанғыш құрылыстарынан бөлінген және бос жерлері болуы қажет, сондай-ақ пеш маңындағы металл беттердің өлшемі 50х70 см кем болмауы қажет (жанғыш еденде).

Түтін жолдары мен пешті от жағу кезеңі басталғанда, сондай-ақ бүкіл кезең ішінде тазалау қажет.

От жағатын пешті пайдалану кезінде рұқсат етілмейді:

- жағылған пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ  оларға  бақылау жасауды кішкентай балаларға тапсыруға болмайды;

-  пеш маңындағы қорғаныш бетіне отын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды  орналастыруға болмайды;

-  пешке тамыздық ретінде бензин, керосин, дизельді отын мен басқа да ТТСжЖС пайдалануға тыйым салынады;

- желдетуге және газға арналған арналарды түтін шығатын жол ретінде пайдалануға болмайды;

-  пешті өте қатты қыздыруға.

Пештен шығарылған күл мен шлакқа су құйып сөндірілуі тиіс және олар арнайы дайындалған қауіпсіз орынға апарып тастау қажет.

 

Шемонаиха ауданының ТЖБ