Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Шемонаиха ауданының әкімдігі 2021 жылғы 28 қазанда сағат 11-00-де Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов атындағы көшесі, 59 мекенжайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелерін сату аукционын өткізеді.

  • Жер учаскесіне жеке меншік құқығы:

1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Вокзальный  көшесі, жер учаскесі 92/1 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0288 га, бастапқы бағасы     501332 тг, жер салығы  2919 тг/ж.

2) гаражды орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Жуков гараж массиві, 1-қатар, жер учаскесі 3/2 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0007 га, бастапқы бағасы     50757 тг, жер салығы  71 тг/ж.

3) гаражды орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Жуков көшесі, жер учаскесі 106 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0156 га, бастапқы бағасы  293432 тг, жер салығы 1581 тг/ж.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, 3 ықшам аудан аумағы, жер учаскесі  3/1 мекенжайында орналасқан ауданы  0,0048 га, бастапқы бағасы 115332 тг, жер салығы 487 тг/ж.

5) гаражды орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Жуков гараж массиві, жер учаскесі 16 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0054 га, бастапқы бағасы 124782  тг, жер салығы 547 тг/ж.

6) гаражды орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Вокзальный көшесі, жер учаскесі 228/1 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0459 га, бастапқы бағасы 729020  тг, жер салығы 4320 тг/ж.

7) гаражды орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Жуков гараж массиві, жер учаскесі 18 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0200 га, бастапқы бағасы     362732  тг, жер салығы 2027 тг/ж.

8) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Вокзальный  көшесі, жер учаскесі 15/3 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0360 га, бастапқы бағасы     584232  тг, жер салығы 3388 тг/ж.

9) гаражды орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Жуков гараж массиві, жер учаскесі 17 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0084 га, бастапқы бағасы     180032  тг, жер салығы 851 тг/ж.

10) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Молодежный  гараж массиві, жер учаскесі 9 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0168 га, бастапқы бағасы     312332 тг, жер салығы  1703 тг/ж.

11) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Молодежный  көшесі, жер учаскесі 37/1 мекенжайында орналасқан ауданы 0,0112 га, бастапқы бағасы 224132 тг, жер салығы  1135 тг/ж.

12) гаражды орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Жуков гараж массиві, жер учаскесі 15 мекенжайында орналасқан ауданы 0,4800 га, бастапқы бағасы     7085732  тг, жер салығы 48653 тг/ж.

Ауыртпалықтар (шектеулер): Инженерлік желілердің қорғау аймағын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары.

Ұйымдастырушы объектінің бастапқы бағасын және бағаны көбейту қадамын жариялайды. Конкурсқа қатысушылар жарияланған қадам бойынша бағаны көтереді. Объект бойынша сауда-саттық объектінің ең жоғары ұсынылған бағасына дейін жүргізіледі. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеледі.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатқа сәйкес пайдалану, игеру шартын жасау, объектіні жобалау үшін сәулеттік-жайғастыру тапсырмасын алу, сервитуттар ұсыну, жер салығын мерзімінде енгізу.

Қосымша шарттар: құжаттардың бастапқы пакетін ресімдеу бойынша шығын сомасы сатып алушымен өтеуге жатады.

Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны, бағаның 50% мөлшерінде аванстық төлем түрінде 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей енгізілуі тиіс.

Конкурстың қатысушысы ретінде тіркелу үшін  келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • мәлімет нысанындағы конкурсқа қатысуға өтінім;
  • кепілдік жарналардың енгізілуін растайтын төлем құжаты;
  • өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат.

Көшірмелердің анықтығын растау үшін тексеруге арналған түпнұсқалары ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға арналған кепілдік жарна сауда-саттық объектілердің бастапқы құнынан бес пайызды құрайды. Сауда-саттықтың барлық объектілері бойынша кепілдік жарналар бөлек енгізіледі.

Қатысушылар кепiлдiк жарналардың кез келген санын енгiзуге құқылы, бұл ретте бiр кепiлдiк жарна бiр жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау  құқығын сатып алуға құқық бередi.

Аукционда жеңіп шыққан жағдайда қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілдік жарна болып табылады: 
аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қою; 
конкурсқа қатысу кезінде жер учаскесіне құқығын сатуға жарияланған шартпен, аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасау; сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындау.

Аукционды жеңіп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан адамның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жазылады.

Кепілдік жарналар сатушыларға келесі жағдайларда:

1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартса;

2) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда қайтарылмайды.

Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетілген, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

Кепілдік жарна «Шемонаиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің БИН 060140014182, БИК ККМFZ2A қаражаттарды уақытша орналастырудың бақылау есебіне (ҚБЕ) енгізіледі. «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі ҚБЕ нөмірі:  KZ 200705034631503006, КНП 171, КБе 12.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап «Шемонаиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Анатолий Иванов көшесі, 59, № 114 кабинетте жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Анықтама телефоны 8(72332) 3-19-57.