Мәдени мұра – болашаққа қадам

Мәдени мұра – болашаққа қадам

Шемонаиха өнер мектебі белсенді конкурстық қызметті жүргізеді, оқу жылының жаңа ғана басталуына қарамастан жаңа жеңістермен қуантуда. Халық бөлімінің сегіз оқушысы туған қалаға арналған музыкалық шығарманы орындап және жобаны ұсынып «Мәдени мұраның» ұлы ақындары мен жазушыларына арналған халықаралық арақашықтық шығармашылық конкурсының жеңімпаздары болды.

1 орын - Софья Ступина, Замира Мурзабаева, Жасмин Талгатова, 2 орын – Алтынбек Муратказыев, Амина Турсынгазина,  Нурсултан Бактыбек,  Жасмин Серикбаева и Динмухамед Файзуллаев. Олардың жетекшілері Асель Муратказыевна Казизова және Светлана Юрьевна Худякова, отаншылдық, туған қаласына және музыкалық дәстүрлерге деген сыйластық рухында өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде өз үлестерін қосуда.

Мектепте қазіргі әлемде өзекті бағыт болып табылатын «Өнер арқылы отаншылдықты тәрбиелеу» бағдарламасы жұмыс істейді. Мектепте ғана шығармашылық дамып қоймай, тереңдетіп қосымша білім арқылы оқыту ұлттық мәдениетті дамыту және сақтаумен тығыз байланысты. Әрбір оқушы оның ұлттық мәдениеті – жалпы Қазақстан мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін түсінуі керек.

Мәдени құндылықтарды сыйлау және сақтау болашақ ұрпақтың үйлесімді дамуына және мәдени тәрбиесіне ықпал жасайды.

Журавлева И.Б.