Ткш, жалға берілетін тұрғын үй және «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған екі пәтерлі алты жеке тұрғын үй құрылысын жаңғырту мониторингі

Ткш, жалға берілетін тұрғын үй және «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған екі пәтерлі алты жеке тұрғын үй құрылысын жаңғырту мониторингі

«Shygys – adaldyq alany» жобасын іске асыру аясында «Shemonaiha–adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасарымен бірлесіп «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін салынған үйлердің сапасына мониторинг жүргізді.

Үйлер автономды жылыту жүйесімен (қатты отын қазандықтары) типтік жобалар бойынша салынған. Жобалық кеңсе басшысына үйлер Шемонаиха қаласының №5 жаңа шағын ауданы аумағында орналасқандығы, онда қажетті инженерлік коммуникация, оның ішінде орамішілік жылумен жабдықтау желісі салынғандығы көрсетілді.

Жобалық кеңсенің басшысы әрбір салынған үйдің жай-күйімен танысты, әкімнің орынбасары жылыту родиаторлары, сумен жабдықтаудың сантехникалық тораптары орнатылғанын көрсетті және үйлер үлгілік жобалар бойынша салынғанын атап өтті: бір үйдің құны — 31,518 млн.теңге (1 ш. м.— 150 мың теңге), Барлық үйлердің құны - 189,108 млн. теңге.

Үйлердің жалпы ауданы - 1260,7 ш. м., пайдалы ауданы - 1054,2 ш. м., бір үйдің жалпы ауданы-210,1 ш. м. (бір квартира105,6 ш. м.) пайдалы ауданы-175,7 ш. м. (бір пәтер 87,8 ш. м.). Бүгінгі күні үйлер пайдалануға берілді, бұзушылықтар анықталған жоқ және үйлер қоныстануға дайын.